close

Менің атым – Айя.Дәрібаевтар
[ Download-Скачать (21.5 Kb) ]03.01.2012, 22:28
Менің атым – Айя.
Сөзі:Серікбол Хасан.
Шаттық нұрын төгіп мерейіне елдің,
Тәтті үміт болып дүниеге келдім.
Кең пейілі тасқан, мол мейірі асқан,
Айя деген ақылды ,ару қызменмін.

Бақыт гүлін терген бақшасынан әннің,
Жақұт үнге ерген мен де өнерлі жанмын.
Жұпар шашқан гүлдей, күлімдеген күндей,
Әнімменен озып өнер тобын жардым.

Талабыма таң қалма,
Аттанамын мен алыс арманға.
Маған ерер жан бар ма?
Арманшыл менің атым – Айя.
Айналаға жар салсам,
Тәтті үнмен талайларды тамсатсам.
Құшақ жайып қарсы алсаң,
Арманшыл менің атым – Айя.

Қадірін сақтар жердің оу Ай-ай-ай,
Аққу құсы көлдің-Айя ару менмін.
Үмітін ақтап елдің оу ай-ай-ай,
Мерейіңді сенің көтеремін елім.

Бабалардың көшін жалғаған жол ізбін,
Көліміз мол шалқар,жеріміз бар біздің.
Тілді-дінді сақтап, баба үмітін ақтап,
Қасиетті елге қорған болар қызбын.

Қалықтаған қыран, төбемізде бар күн,
Мәнді өмірді жырлап , сәнді өмірге салдым.
Ел деп соққан менің періште жүрегім,
Азаттықты жырлар арманы көп жанмын.
Категория: тексты Қазақша | Добавил: saken_daribaev
Просмотров: 3864 | Загрузок: 372 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Сегодня именинники !!! Поздравляем!!! Nurzhaz(38), mika87(37), Zhako(33), Daha(31), ЛЯЛЯЛЯ(44), Jauka(33), oolj(64), sadybekova(32), elmirarespekt(37), cofka_c(25), вепрь(42), dana001122(33), Nurba_kz1995(29)
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]