close

Өміріңе немқұрайлы қарама
09.01.2011, 13:10
Өміріңе немқұрайлы қарама әні: Сәкен Дәрібаев сөзі : Серік Сейітман Сәкен Дәрібаев орындайды. Тыңда досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама, Шақша басың айналса да бақыттан қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала. Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де досым қанша шаттыққа Өміріңе немқұрайлы қарама, Бақ құсыңды қонған кезде бағала. Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Қанша азап көрсең дағы,бауырым, Өміріңе немқұрайлы қарама, Тұсау салып бастатқызбай көш дара, Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама, Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама, Айдын көлге айналса да көз жасың.
Категория: тексты Қазақша | Добавил: saken_daribaev
Просмотров: 1894 | Загрузок: 163 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Сегодня именинники !!! Поздравляем!!! z-anuar(41), dauir99(41), yelarman(39), a_klara(63), bektas(25), azor(38), alibek(40), ChatLery(37), VPN-GlobeKS(38), aigulek(23), shyryn(32)
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]