close

Той-той.Дәрібаевтар
[ Download-Скачать (21.0 Kb) ]03.01.2012, 22:40
ТОЙ-ТОЙ
Сөзі:Серік Сейітман.
әні:Сәкен Дәрібаев.

Дүниеде дәмін татып балдың,
Уайымнан алшақ қашайық.
Ақ түйенің қарнын жарған жанның,
Шаттығына ортақтасайық.

Көңілдерде байқалмасын тұман,
Тәңір оның тасуын берсін.
Әуелете шырқатылған - бұл ән,
Тойыңызға шашуым болсын.

Қайырмасы:

Той-той-той,
Берекелі той,
Той - Құдайдың қазынасындай.
Той-той-той,
Мерекелі той,
Той - өмірдің мағынасындай.

Көңіліңді көтерейін жыр, ән ұсына,
Балқысыншы бойың ағайын.
Құтты болсын айта келдім қуанышыңа,
Тарқамасын тойың ағайын.

Жайнап өскен қызғалдақ пен гүлің,
Қазағымның жеріне бітсін.
Қадірлеген қонағыңыз бүгін,
Қыдыр болып төріңе шықсын.

Арманыңыз қияларды шолып,
Абыройды айдан асырсын.
Мейманыңыз шын тілекші болып,
Жиғаныңыз тойға шашылсын.
Категория: тексты Қазақша | Добавил: saken_daribaev
Просмотров: 2638 | Загрузок: 264 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Сегодня именинники !!! Поздравляем!!! Nurzhaz(38), mika87(37), Zhako(33), Daha(31), ЛЯЛЯЛЯ(44), Jauka(33), oolj(64), sadybekova(32), elmirarespekt(37), cofka_c(25), вепрь(42), dana001122(33), Nurba_kz1995(29)
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]